ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ
РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Кеңсе телефоны +7(7172) 743-798, 743-796, 743-801

RSS

Мемлекеттің инвестициялық саясаты Қазақстанның 2050 жылға дейін дамуының жалпы ұлттық жоспары контекстінде

Тікелей шетел инвестицияларын тарту кез келген мемлекеттің тұрақты даму стратегиясының басты бағыттарының бірі болып табылады. Ол инвестициялық ағындардың қаржылық ресурстармен ғана емес, ұлттық экономиканың тұрақты және ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етуге қажетті технологиялық қолдаумен негізделген.

Бүгінде Қазақстан еліміздің «Қазақстан - 2050» бағдарламалық құжатында белгіленген дамудың жаңа кезеңінің босағасында тұр. Біз инновациялар мен технологиялық прогресс арқылы ғылыми тәсілге негізделген жаңа форматты экономикаға ұмтылып жатырмыз. Қылымды көп қажет ететін экономика өсудің негізгі тетігіне айналады, отандық ғылым мен өндіріске үлкен қаражатты, оның ішінде тікелей шетел инвестицияларын (ТШИ) тарту арқылы талап етеді. Осыған байланысты Қазақстан экономикасына ТШИ тарту, сондай-ақ елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселелері өзекті болып отыр.

Сонымен қатар, қойылған стратегиялық міндеттерге сәйкес ТШИ тартуға қатысты тәсілді өзгерту қажет екенін а        йта кету керек: шетел инвестициялары ең алдымен алдынғы қатарлы технологияларды және инновациялық дамудың әлемдік тәжірибесін тарту мақсатында тартылатын болады, ол өндірістің әртараптандырылуына және мемлекеттің ресурс тәуелділігін төмендетуге алып келуі тиіс. Әлемдік практика аталған тәсілдің табыстылығы туралы мәлімдейді.  Сингапур, Қытай, Корея және басқа да серпінді дамып жатқан елдердің мысалы негізінде шетел капиталын технологиялар және білім  трансфертімен бірге тарту елдің өндірістік әлеуетін барынша арттыруға жәрдемдесетінін байқатты. Осыған байланысты бүгінгі таңда шетел инвестицияларын тарту саясаты персонал біліктілігін арттыруға және өндіріске жаңа технологияларды енгізуге тұтастай бағытталған.

ТШИ тартудың жаңа стратегиясы бірнеше реттік міндеттің шешілуін ескереді.

Ең алдымен Қазақстанның 2050 жылға дейін дамуының жалпы стратегиясына сәйкес инвестицияларды тарту экономиканың өңдеу және өңдіру секторларына бағытталатын болады. Бұл мақсатта Қазақстанға мұнай-газ және тау кен-металлургия секторында жұмыс жасайтын жетекші трансұлттық компаниялар тартылатын болады. Аталған компаниялардың қатысуы толық циклды өндірісті құруға мүмкіндік береді.  Дәстүрлі секторлармен бірге, ТШИ үлкен көлемі агроөнеркәсіптік кешенге тартылатын болады.

Бұдан кейін, орта мерзімді перспективада ТШИ ұлттық кластерлерді, ғылыми орталықтарды және университеттерді дамыту арқылы экономиканығ инновациялық салаларына бағытталатын болады.

ТШИ қызметтер секторында да болады. Қызметтер секторы мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, шетел инвестицияларының негізгі рецепиенті болып табылады. Осыған байланысты, инвесторларды тарту үшін, әсіресе Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалыпты жағдай жасау бойынша жұмыс жалғасатын болады. Жоғарыда аталған қалаларды дамытуға да шетел капиталын тарту қамтамасыз етілетін болады.

Жалпы, ТШИ экономиканың дәстүрлі де, жаңа да салаларын қамтитын болады. Және бұл кездейсоқ емес, өйткені инновациялық өсу әлеуеті бар инвестициялар тұрақты өсу тетіктерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты, бүгінгі таңда елде ғылымды көп қажет ететін экономиканы дамытуға қажет алдынғы қатарлы тәжірибеге, технологияларға және білімге ие жетекші трансұлттық компанияларды тарту үшін ең қалыпты жағдай жасау мақсатында қолданыстағы инвестициялық саясатқа түзету жүргізіледі.

С.Б.Каменова

Кәсіпкерлікті дамыту орталығы

Инвестициялық процестерді талдау басқармасының бастығы


ВКонтакт Facebook Одноклассники Twitter Яндекс Livejournal Liveinternet Mail.Ru

Назад в раздел